Қазақстанда биыл да Жеңіс парады өтпейді

Мәскеудегі парадқа қырғыз президенті ғана барады


24/04/2023
16:35 19028 0

Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеген БАҚ биыл да 9 мамырда әскери парад өтпейтінін хабарлады. Министрлік бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық шағын іс-шаралармен шектелетінін айтқан.  

Қорғаныс министрлігі 2022 жылы да ақша үнемдеуді алға тартқан. 2020 және 2021 жылдары парад COVID-19 індетіне байланысты өтпеген.

Биыл Ресейдің Украинамен шекарадағы облыстарында да 9 мамырға байланысты парад өтпейді.

Ресейдің «Ведомости» басылымы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына шетелден тек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысатынын хабарлаған. Былтыр Мәскеудегі парадқа Орталық Азия елдері басшыларының ешқайсысы бармаған.

Поделиться

Нет комментариев.

24/04/2023 16:35
19028 0

Уведомление